Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«ВРЕМЯ. СОБЫТИЯ. ЛЮДИ.»

«Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Время. События. Люди.» мәдени-танымдық концерттік шарасын ұйымдастырды. Салтанатты шараға «Қазақстан кірістер Қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымының президенті Сергей Геннадьевич Огай бастаған делегация, «Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ли Людмила Валентиновна, Хан Светлана Алексеевна жетекшілік ететін Ақтөбе қаласы кәріс этномәдени бірлестігінің «Саранг» ардагерлер хоры, Маңғыстау облысы этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар қатысты.

Маңғыстау облысы әкімінің атынан Ақтау қаласы әкімі орынбасары Аққұлов Нұрлыбай Қаржаубайұлы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол 31 мамыр - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп атап өтті..
         Атаулы күн Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді.  Әр жыл сайын Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Тарихға тағлым – өткенге тағзым» атты іс-шарасын өткізеді. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Жалпы 1930-1953 жылдары Қазақстан аумағындағы лагерге поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Олардың арасында кәріс зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Халқымыз осы қайғылы оқиғаларды есте сақтауға тиіс. Мұндай қасірет қайталанбас үшін оны болашақ ұрпақ білуі керек. Бүгінде біз құқықтық жаңа мемлекет құрдық. Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалған. Біздің елде саяси қудалауға орын жоқ. Біз эволюциялық даму жолын таңдадық!

 «Қазақстан кәрістер Қауымдастығы» төрағасы Сергею Геннадьевич Огай  және Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі кəріс тілі орталығының директоры - Си Менг Сон мырза кезекті сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтты.

Концерттік шарада Ақтөбе қаласы кәріс этномәдени бірлестігінің «Саранг» ардагерлер хоры, «Жорға», «Настроение», «Шадвал» би ансамблдері өнер көрсетіп, Ислам Мурзаев пен Омарова Айнұр секілді танымал әншілер ән шырқады.

«Время. События. Люди.» мәдени-танымдық концерттік шарасы соңында «Чосон» этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Ивановна Маденова бәріне өз алғыстарын айтты.

«ВРЕМЯ. СОБЫТИЯ. ЛЮДИ.» «ВРЕМЯ. СОБЫТИЯ. ЛЮДИ.» «ВРЕМЯ. СОБЫТИЯ. ЛЮДИ.»
«ВРЕМЯ. СОБЫТИЯ. ЛЮДИ.» «ВРЕМЯ. СОБЫТИЯ. ЛЮДИ.»  


  • |  Просмотров: 28  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:3-07-2019, 15:50  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: