Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті

31 мамырдың кешінде көрермендер «Альтаир» халықтық би тобының Абай атындағы Мәдениет сарайында 55-жылдық мерейтойына арналған концертін тамашалауға мүмкіндік алды.

         Ұжымның тарихы 1964 жылданбасталды.Ол кездежас қалаға Кеңес Одағының түрлі бөліктерінен келген жас мамандар өздерінің ұлттық әндерін, музыкасын және билерін әкелді.
         Ансамбльде үлкен шығармашылық өмірбаян бар. Би тобының бірінші жетекшілеріВалерий Джанжолия, Олег Бекоев, Виктор Бочарников, Алик Думановский, Юрий Осокин, Вячеслав Митрофанов, Лидия Мейдерболып келді.1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін ансамбльды Тамара Ивановна Думановская тәрбиелейді.Ол бұл саладакөптеген ұрпақтар легін
тәрбиелеп шығарды.1981 жылы ансамбльге жемісті еңбегі үшін «Халықтық» атағы берілді.     
         «Алтаир» ансамблі көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. Ансамбльдің репертуарында ТМД және әлемнің әртүрлі елдерінің билері бар.

-Би арқылы әр халықтың табиғатын, мінезін танып, білуге болады. Бұл бізге елімізде тұратын түрлі ұлттың мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Біздің ұжымды Қазақстан халқы Ассамблеясының шағын көшірмесі деуге болады. Украиндер өзбектің, кәрістер татардың биін жоғары шеберлікпен орындай алады. Ансамбль біздің қаламыздың көптеген концерттері мен мерекелерінің қатысушысы, сондай-ақ жыл сайынғы республикалық байқауына қатысады.
         Көп жылдар бойы ансамбль аудан мен облыстың барлық кенттерін концерттермен аралап қайтты. 
         Ансамбль репертуарында 30-дан астам әлем халықтарының биі, қазіргі заманғы , сюжеттік би, хоеографиялық суреттер бар. Ансамбль бірнеше рет облыстық сахнада өнер көрсетіп, облыстық байқаудың қорытынды концерттеріне қатысты. Халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты және дипломанты.
         55 жыл бойы «Альтаир» халықтық би ансамблі ең тұрақты, ең жарқын ұжым болып табылады.
         Мерейтойлық концертке Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Аманғали Нұрдәулетов Тамара Думановскаяны мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқаны, мәдениет жүйесінде инновациялық қызметі үшін«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
         Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина Маңғыстау облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ералы Тоғжановтың атынан құттықтап, алғыс хаттынтарту етті.
         Украин этномәдени бірлестігінің төрәйымы Татьяна Лесниченко Украинаның Қазақстандағы елшісінен Тамара Думановскаяға құттықтау хатын табыс етті.
         Концерттің бағдарламасында көрермендер украиналық гопак, орыс биі «березка», поллеская кадриль атты әдемі билердің калейдоскопын көрді.Қырғыз, украин, татар және белорус билері сығандар, молдова және кавказ билерін асқан шеберлікпен орындап, көрермендердін зор ықыласына ие болды.

 

Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті
Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті
Альтаир халық би ансамблі өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті        


  • |  Просмотров: 39  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:3-06-2019, 10:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: