Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Стартап – кәсіптің бастауы»

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен Достық үйінде «Стартап – кәсіптің бастауы» атты жастар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық көрме өтті.

Көрмеге қала, аудандардың мектеп оқушылары, колледж студенттері, мұғалім-тәлімгерлер, облыстық басқарма басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Барлық аудандар мен қалалардан 25 жоба таныстырылды. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Венера Мұстапаева, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі – Гүлжан Исмурзина, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы – Әмірғали Жанаев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» Маңғыстау облыстық филиалының директор орынбасары Халил Тилекуловтан құралған әділ қазы мүшелері барлық стартап жобаларымен танысып, өз бағаларын берді.

Комиссияның шешімі бойынша 9 жоба іріктелінді:

1. Ақтау қаласы, № 29 орта мектеп оқушысы Ахмет Асыл «Сал балаларға арналған массаж орталығы»

2. Жаңаөзен Білім инновациялық лицейі оқушысы Жұлдызбекұлы Нұрсұлтан «Автоматтандырылған оқу жүйесі»

3. Қарақия ауданы, №4 орта мектеп оқушысы Манас Айгерім «Велопарк» қызмет көрсету саласы

4. Қарақия ауданы, №5 орта мектеп оқушысы Шаңдыбай Нұртілек

5. Маңғыстау ауданы Аманжол Асылгерей

6. Түпқараған ауданы, «Шахта» орта мектеп оқушысы Ағдал Жансая «Ауылым алтын бесігім»

7. Мұнайлы ауданы, №5 орта мектеп оқушысы Құдайбергенова Гүлмира «Арасы жоқ тәтті бал»

8. Мұнайлы ауданы, №5 орта мектеп оқушысы Елюбаева Ұлболсын «Әуе шарларымен саяхат»

9. Мұнайлы ауданы, №1 орта мектеп оқушысы Сейтова Айгерім «Қолөнер ұлт мұрасы»

«Стартап – кәсіптің бастауы» «Стартап – кәсіптің бастауы» «Стартап – кәсіптің бастауы»  

 



  • |  Просмотров: 19  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-06-2019, 09:14  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: