Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ТАРИХ ҚАСІРЕТІ

Қазақстан үшін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің үлкен мәні бар. Саясаттыңсалдарынан республика миллиондағанбейкүнәадамдарүшін депортация орнына айналды. Қатыгез саясаттың «халықжауын» айқындау нәтижесінде, тек қана қуғын-сүргінге ұшырағандар ғана емес, сондай-ақ олардың жақындары да зардап шекті. Акция 20 ғасыр тарихының ең қайғылы оқиғаларының біріне арналады, бейбіт күндері тоталитарлық режимнің қалауымен саясиқуғын-сүргіннен, қолдан жасалған жаппай ашаршылықтан қазақ халқының айтарлықтай бөлігі - 1 млн. 750 мың адамның  өмірін жалмап, 103 мың адам қуғын-сүргiнге ұшырап, азапты лагерьлерде ұсталса, 25 мың адам жазықсыз атылды.
         «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» халықаралық жобасының іс-шараларын Қазақстан халқы Ассамблеясы алғашқы рет 2010 жылы Астана қаласында ұйымдастырып, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде «Тарихтан - бүгінгі күнге» атты ТМД елдері тарихшыларының бірінші форумы өтті. Оған 300-ден астам академиялық тарих ғылымының отандық және шетелдік ғалымдары қатысты. Форум нәтижесі бойынша тарихи мұраны зерттеудің бірыңғай жолдарын әзірлеу бойынша Астана Хартиясы қабылданды.

         Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобаның шеңберінде Қарақия аудан орталығында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих қасіреті» акциясын өткізді.
         Жобаның мақсаты - ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға және жалпы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету; тарихта із қалдырған осы оқиғаны сақтап, келешек ұрпаққа тарихи тәжірибені жеткізу ісінде азаматтық қоғам мен мемлекетті біріктіру. Акцияны Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Асамблеясы мен Қарақия аудан әкімдігі қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлік ассамблеялардың мүшелері, мемлекеттік органдардың, шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, саяси қуғын-сүргін және депортацияға ұшыраған халықтар өкілдерінің ұрпақтары, музей және мұрағат қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
         Акция қатысушылары үшін аудан орталығында орналасқан мұнай мұрайжайына экскурсия ұйымдастырылды. Одан сон «Қасірет» мемориалының алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі өтті. Митингтін аяғында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өтті.

ТАРИХ ҚАСІРЕТІ ТАРИХ ҚАСІРЕТІ ТАРИХ ҚАСІРЕТІ ТАРИХ ҚАСІРЕТІ
ТАРИХ ҚАСІРЕТІ ТАРИХ ҚАСІРЕТІ ТАРИХ ҚАСІРЕТІ ТАРИХ ҚАСІРЕТІ


  • |  Просмотров: 32  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:30-05-2019, 14:33  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: