Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу

Тарас Григорьевич Шевченко - әйгілі украин казак ақыны. Суретші ретінде де тарихта қалған. Орыс әдебиетіне де үлес қосқан. Бірақ ең бастысы, әрине, украин әдебиетінің «жарық жұлдызы» болғаны, украин халқының санасын оятуының ұлттық нышаны болып саналады.
            Кеңес үкіметі кезінде төңкерісшіл большевиктерге жақын идеяларының жақтанушы ретінде бағаланған. Қазір тәуелсіз Украинада украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман ретінде бағаланады. Халық ақыны болғандықтан, оны «ұлы кобзарь» деп атап кеткен. Патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін, оны алдыменен Орынбор облысының Ор қамалына отырғызған, кейін сол облысқа қараған Қазақ даласына - Маңғыстауға айдап тастаған. Қазақстанда оның есімімен қала, елді мекендер мен көше аттары аталады. 
            Қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне, қылқалам өнеріне өшпес із қалдырған украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченко небәрі 47 жыл ғана өмір сүрсе, соның 7 жылын Маңғыстауда өткізген.
            Жазалау мақсатында қазақ даласына жер аударылғанымен, киелі өңірдегі 7 жыл украин жігіті үшін шығармашылықпен айналысуға нағыз сәтті кезең болды.  Сол құнды жәдігерлер Форт-Шевченко қаласындағы суретшінің есімін иеленген музейде сақтаулы.
           
            Осы аптада Т.Г. Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестік Маңғыстау облысы Форт Шевченко кешенінің мұражайымен бірлесіп Достық үйінде «Шевченко кездесулері» атты салтанатты іс-шарасын өткізді.
            Келген қонақтарды нан-тұзбен қарсы алғанңан кейін көпшілікке концерт қойылды. Жас әншілер әсем әндермен,  бишілер мың бұралған билерімен іс-шараның көрігін қыздырды.
             «Смеричка» триосы мен «Червона калина» украин этномәдени орталығының хоры Тарас Шевченконың сөзіне жазылған «Рэвэ та стогнэ Днипр шырокый» атты әнді орындаса,  ең жас қатысушы Юли Лесниченко «Достық» және «Қазақстан жері» әндерін тындаушыларға паш етті.
            Би тобы «Альтаир»,  «Қарлығаш», «Жауказын», «Алма» балабақшалары, № 5 и № 23 Ақтау орта мектептердін оқушыларыда өз өнерін көпшілікке ұсынды.
         Жағымды сәт - әсіресе балалар үшін - қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен ескірткіштер тарту етіліп және украин этномәдени орталықтын алғыс хаттарымен марапатталды.

Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу
Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу
Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу
Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу Тарас Григорьевич Шевченконы еске алу


  • |  Просмотров: 33  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:22-05-2019, 14:09  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: