Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі»

Әрбір елдің болашағы жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар.
         Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақ халқының рухани әсемдігі мен ішкі жан дүниесі тереңдігінің барша кеңістігін көрсетті. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану» жаңа жобасын ұсынды. Бұл өз кезегінде барша қазақстандықтарға қазақ мәдениетінің, тарихының, философиясының біріктіруші күші болып табылады.
         Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деп жастарды қолдап, осы жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын.
         Қазақтану жобасы аясында Жас көшбасшылардың артына ерген жастарға айтар құнды қазынасы бар деген оймен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік зиялы қауыммен «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» тақырыбында кездесу өткізді.
         Бүл шараға Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің әкімі Өсер Тлепов, «Вайнах» чечен және ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі, «Емир-Ойл» ЖШС басқармасының басшысы Джамалайл Элимханов, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшесі Ардак Газибекова, «Бастау» бизнес жобасының бизнес тренері Райхан Бекбергенова, белсенді жастар қатысты.
         Кездесу аясында,қатысушылар талқыға салынып отырған тақырып төңірегінде бір-бірімен пікір алмасып, бағыт бойынша болашақта нәтижелі ізденістер жасап, өз жұмыстарың алға қарай дамуына жемісті үлес қосамыз деп сенім білдірді.
         Басқұдық ауылдық округінің әкімі Өсер Тлепов, Елбасының: «Мен жастарға үлкен сенім артып, әрқашан қолдау көрсетіп келемін. Сендер еркін, тәуелсіз елде өмір сүріпжатсыңдар. Ал еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Демек, еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда» деген сөздерін атап өтіп, аймақтағы жастарға деген іске қосылған жобалар жөнінде ақпарат келтірді.
         «Емир-Ойл» ЖШС басқармасының басшысы Джамалайл Элимханов, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшесі Ардак Газибекова , «Бастау» бизнес жобасының бизнес тренері Райхан Бекбергенова өздерінің тәжирибе-жетістіктері жөнінде әнгіме қозғады.
         Кездесуде сондай-ақ мемлекеттің нығаюына, ұлт ұлылығының қайта жаңғырып, гүлденуіне, дамуына, Қазақстанның әрбір жас азаматы мүдделі деген тұрғыдағы мәселелер қозғалды.

«Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі»
«Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі» «Менің жетістігім – Менің елімнің жетістігі»


  • |  Просмотров: 45  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:20-05-2019, 18:15  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: