Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер

Маңғыстау облысының «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі «МартАрт» студиясымен бірге «Біз бейбітшілік пен достықта өмір сүреміз» тақырыбында шығармашылық көрме өткізді.
         «МартАрт» студиясының оқушылары корей ұлттық мотивтерін, сондай-ақ Ұлы дала жеті қырын бейнелейтін туындыларды жұртшылықтын назарына ұсынды.
         - Көрмеде бұрында жарық кормеген, сексенден астам жұмыстар бар. Жиналған халықты, кәріс мотивтерінде бейнелеген жас шеберлердің жұмыстары қызықтырды. Әсіресе көнекозата мен аналардын көніліңе ерекше әсер қалдырды. Елбасының «Ұлы дала жеті қыры» бағдарламасының негізгі мақалаларын жанама түрде бейнелейтін туындыларда бар, - деді «МартАрт» директоры Марта Куталиева.
        
Бұл тақырыптық көрмеге 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысты. Жас суретшілердің 80-нен астам туындылары ұсынылды.
         Сөз алған, Юсуп Шахшаев, Анна Лагай, Эхман Ким, Дэвид Ян, Валентина Ким және басқалар шығармашылық жастардың өте қабілетті және мейірімді екендерін атап өтті.
         Маңғыстау облысындағы әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Аманкүл Джайлханова осындай шығармашылық іс-шаралар жастардың шығармашылық жоспарларын жүзеге асырудың бірден-бір механизмі екенін атап өтті.
          - Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет, - деді ол.
        
Кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Раиса Маденова барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Сонын ішінде, «МартАрт» студиясының директоры Марта Куталиеваның, жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу жолындағы, үлкен жетістіктерін атап өтті.
         - Адам ұрпағымен мың жасайды. Сондықтан,бәріміз, біздің балаларымыз елін, жерін сүйген, ұлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болып өссе дейміз. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер,- теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Сол себептен, осындай іс-шаралар бізге ауадай қажет, - деді Раиса Ивановна.
        
«МартАрт» студиясының директоры, осындай шығармашылық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылық белгісі ретінде, «Чосонға» студияның шеберісалған суретін тарту етті.
         Барлық қатысушылар «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің алғыс хаттары мен сыйлықтары берілді.  
         Концерттік бағдарламада Маңғыстау облысының ҚХА өнер шеберлерінің орындауында достық, бейбітшілік туралы әндер шырқалды.  
         Тақырыптық көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылы аясында, сондай-ақ 31 мамырда елімізде атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер
Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер Ақтаудағы шығармашылық көрмедегі жас суретшілер


  • |  Просмотров: 49  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:20-05-2019, 16:42  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: