Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА облыстық «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

 

Shayra-konkursyna-tnm.docx [13,79 Kb] (cкачиваний: 7)

  1. Жалпы ережелер

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге  арналған осы ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.  

1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы:

Конкурсты ұйымдастырушы  Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық Келісім» комуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

 

  1. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері: 

1)  бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу; 

2) ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық  үлгілерін ілгерілету; 

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;  

5) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

  1. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.

3.2.  Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

 

  1. Конкурс басшылығы

4.1. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді; 

- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және  конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

- конкурс қорытындыларын бекітеді;

www.aktau-dostyk.kz  сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.2. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.3. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.

 

  1. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2019 жылғы 1 қаңтардан 20 маусымға дейін БАҚ-та,  оның  ішінде, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле- радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

Қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған үздік талдамалық материал; 

Ассамблея мен оның құрылымдарының қызметін ашып көрсететін үздік материал (Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» РМД);

"Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласының тарихи сананы қалыптастыру мәнмәтініндегі негізгі бағыттарына арналған үздік материал;

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарына арналған үздік материал;

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту мәселесіне арналған үздік материал;

Медиацияны дамыту тақырыбына арналған  үздік материал;

Қайырымдылықты дамыту тақырыбына арналған  үздік материал;

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын ілгерілетуге арналған үздік материал;

«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының негізгі бағыттарын ашатын үздік материал;

- Жастар жылына арналған әлеуметтік желілерде #JASTARJYLYDANGYLJOL хэштегімен жарияланған «Жастар жылы – даңғыл жол»  арнайы жүлдесі.

Сонымен қатар, ынталандыру номинациялары:

- Үздік фотограф;

- Үздік видеорежиссер;

- Үздік блогер;

- Үздік газет;

- Үздік телеарна;

- Үздік радио.

5.3. Конкурсқа қатысқысы келгендер:

2019 жылғы  20 маусымға  дейін  «Қоғамдық келісім» КММ-іне конкурстық жұмыстарды өтінім бере алады. E-mail: 305053@bk.ru

5.4. 2019 жылдың 20 маусымы мен 24 маусым аралығында «Қоғамдық келісім» КММ журналистика саласындағы «Шаңырақ» конкурсының өңірлік қорытындысын шығарады.

5.7. Жұмыстарды түпнұсқада немесе DVD, CD форматында аудио, бейнежазбалық бағдарламалар, сюжеттер, pdf форматындағы басылымдардың беттері, электрондық БАҚ-тарда орналастырылған материалдардың сілтемелері мен скриншоттарымен қоса  жіберу қажет.

 

  1. Конкурстық іріктеудің критерийлері:

- материалдың конкурс тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

- мәлімделген номинациядағы тақырыптың  толық ашылуы;

-  автордың шығармашылық көзқарасы, материал беру ерекшелігі;

- материалдың жаңалығы мен өзектілігі, объективтілігі мен шынайылығы;

- автор көтерген мәселелердің қоғамдық маңызы.

 

  1. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

7.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру оған конкурсқа қатысушы автордың осы Ережеде көзделген  талаптармен және шарттармен келіскенін білдіреді.

7.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінімде:

- осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған  анкета;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттар болуы тиіс.

Бір номинация бойынша бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем болмауға және 5-еуден артық болмауға тиіс.

7.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.

7.4. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімді конкурсты Ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, тіркейді. Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар (баспасөз хабарламалары және т.б.) конкурсқа қабылданбайды.

7.5. Конкурс ұйымдастырушысына  жария етілген өтінімдерді қабылдау күні өтіп кеткеннен кейін ұсынылған өтінімдер және конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

7.6. Конкурсқа жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Байланыс телефондары: + 7 7292 30 40 08; + 7 701 492 55 02

E-mail: 305053@bk.ru



  • |  Просмотров: 84  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:15-05-2019, 11:42  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: