Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ

Жеңіс үшін рахмет! Осындай ұранмен Маңғыстау облысы ҚХА Жаңаөзен қаласы бойынша өкілі Ерлан Қалиев мен №1 Жаңаөзен қалалық емханасы директорының орынбасары Гүлпариза Кособулатова, Жаңаөзен қалалық салауатты өмір салтын насихаттау орталығының басшысы Марал Болатбаева, дәрігерлер Мұқаддас Жаманқұлова, Мэлс Сагатдинов Жаңаөзен қаласындағы жалғыз ҰОС ардагері Еңсегенов Кеңесбайдың үйіне барып, көңілін сұрап, алдағы жеңіс күнімен құттықтады.
              - Бүгін біз Ұлы Отан соғысы ардагері Еңсегенов Кеңесбай атамызға гүл шоқтарын алып, арнайы жеңіс күніне деп сағыныш «Жеңіс үшін рахмет!» деп аталатын кәдесыйымызды табыстадық. Бұл кісілерге сый-сияпаттан көрі ықылас пен жылы ниет, аман-саулық сұрасқанның өзі бір ғанибет, - деді Ерлан Қалиев газет тілшісіне.
            Бейбіт өмір жолында күрескен ардагерлердің саны жыл өткен сайын азайып барады. Жаңаөзендік ҚХА өкілі ардагердің қал-жағдайымен тек мерекеде ғана емес, былай күндері де барып біліп, әңгіме-дүкен құруды әдетке айналдырған. Ал, бүгінгі кездесу ерекше болды. Дәрігерлер ардагердің қан қысымын өлшеп, оған дәрілер мен дәрумендерді сыйға тартты. Сонымен қатар, ҰОС ардагеріне гүл мен азық-түлік пакеті тапсырылды. Берлинге дейін барып, бірнеше орденге кеудесі толған Кеңесбай Еңсегенов жастарға өзінің аталық ақ батасын берді.

АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ
  АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ


  • |  Просмотров: 18  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:9-05-2019, 18:15  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: