Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының қорытындысы талқыланды.

Оны кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған Маңғыстау облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Имурзина 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚХА кезекті сессиясының маңыздылығын атап өтті

  -«Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» атты маңызды іс-шара жұмысына 1500 мыңнан астам адам қатысты,-деді Гүлжан Мақсұтқызы.-Олардың арасында Маңғыстау облысының делегациясы да болды. Бүгін біз Достық үйінде сессиядан кейінгі әсерлермен бөлісу үшін жиналып отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларды сессия жұмысының басталуымен құттықтап, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіндегі ҚХА-ның маңызды рөлін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы елдегі этносаралық қатынастардың болашақ дамуына қатысты барлық жағымсыз болжамдарды теріске шығарғанын қаперге берді. Сессия барысында Елбасы қазақстандық қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған барлық тетіктердің үйлесімді және тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттік органдар жанындағы медиация институты мен қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Елбасы сондай-ақ Ассамблеяның кәсіпкерлер қауымдастығы желісі бойынша шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, ҚХА депутаттық корпусының әлеуетін белсенді пайдалану керектігін айтты. Сессия барысында ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарлары Юсуп Келигов пен Шерзод Пулатов тағайындалды.

  Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Жамалайл Элимханов Елбасы алдында сөйлеген сөзі туралы әңгімеледі.

  -Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында біздің облысты таныстыру құрметіне ие болдым,-деді ол. Мен өз сөзімде шешен жеріндегі әскери іс-қимылдар кезінде вайнахтың басына, соның ішінде менің отбасыма да  түскен ауыр сынақтар туралы айтып бердім. Қазақ халқының мейірімділігі мен қонақжайлылығының арқасында біз сол қиындықтарды еңсере алдық. Біз Қазақстанда өзімізді қиналған немесе бөлінгендей сезініп көрген жоқпыз. Елбасымыздың дана саясатының арқасында бүгінде біз Қазақстанның барлық азаматтарымен тең құқықтарға иеміз. Мен бұрынғы босқын және мүгедек болсам да, бүгінде мұнай компаниясында басшылық қызмет атқарамын. Бұл Қазақстанда кез келген азамат табысқа жетіп, мансапқа қол жеткізе алатынының дәлелі болып табылады. Бұл үшін қажет нәрсе—білімге ұмтылу, адал еңбек және өз еліңе деген махаббат.  Бұл тұрғыда Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін үлгі болып отыр деуге болады.  Менің ата-анам Бірінші Президентке бізге жасаған барлық жақсылықтарыңыз үшін алғыс айтуды армандап келген еді. Ал мен осындай мүмкіндікке ие болам деп ешқашан ойламаппын. Алайда 29 сәуір күні ата-анамның арманын орындадым. Сондықтан Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа маған артқан сенімі мен ықыласы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Мен барша қазақстандықтарды Елбасының бағытын жалғастыруға және біздің ұлы Отанымыз бен Қазақстанымыздың игілігі үшін еңбек етуге шақырамын. Еліміздің болашағы біздің бірлігімізге байланысты.

  Осетин этномәдени бірлестігінің төрағасы Фатима Биркле, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Зульфия Бернеева және Қырғыз этномәдени бірлестігінің мүшесі, "Жаңғыру жолы" өңірлік жастар штабының белсендісі Ардақ Ғазибекова да өз әсерлерімен бөлісті.

   Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының қорытындысы талқыланды.    Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының қорытындысы талқыланды.    Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының қорытындысы талқыланды.    Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының қорытындысы талқыланды.


  • |  Просмотров: 19  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:6-05-2019, 17:15  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: