Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық ұйінде ардагерлерге арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
         Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала әкімі Ғалымжан Ниязов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
         - Женіс мерекесі әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Аға буынның ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді деп ойлаймыз. Біздің жерлестер, жауынгер-манғыстаулықтар, барлық ірі шайқастарға қатысты. Тыл ардагерлері өзінің ерен еңбегімен Ұлы Жеңіске зор үлес қосты.
         Ардақты соғыс ардагерлері!
Кейінгі ұрпақ жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруі үшін қан майданды бастан кешірген өздеріңізге әрдайым тағзым етеміз. Жеңіске қол жеткізген батырлықтарыңыз, ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде қалады.
         Бұл мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! – деді облыс әкімі шараның ашу салтанатында.
         Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары ардагерлерге алғысын білдіріп, құттықтауларын жеткізді.
         Ардагерлер назарына этномәдени бірлестіктер мүшелерінің дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.
         Жиналғандар Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі, әнші Гүлнара Макинамен бір ауыздай «Катюша» әнін шырқады.
         Жас солист Армен Саакян «Синяя вечность» әнің, ал Арман Нұржан «Менің Қазақстаным» әнің орындап берді.
         «Нұр» би ансамблі «Арцватор» биімен өнер көрсетті.
         Құрметті қонақтардың әрқайсысына гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Өнерпаз қыз-жігіттердің арнаған жыр шумақтары, әсем әндері, жүрек жарды тілектерін есту ардагерлерге үлкен бақыт болды.

 Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады
 Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады
   Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады  Достық үйінде облыс әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

 



  • |  Просмотров: 26  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:6-05-2019, 15:31  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: