Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты тарихи-мәдени шара

2019 жылдың 24-сәуірінде Yessenov University-ің  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен   «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты халықаралық жобаның 10 жылдығына және ұлттар депортациясының 75 жылдығына орай жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған саяси қуғын-сүргінге ұшыраған этностар жөніндегі тарихи-мәдени шаралар  циклі басталды.

         Шараға кәріс этно-мәдени орталығы жетекшісінің  орынбасары Валерий Яковлевич Цой, кафедра оқытушылары, университет студенттері қатысты.

Шара барысында саяси қуғын-сүргін көрген халықтардың Қазақстанға қоныстандырылуы, кәріс ұлтының  қазақ еліне келу тарихы жөнінде баяндалып, деректі фильмдер, бейнематериалдар,  студенттердің концерттік бағдарламалары тамашаланды. 

«Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты тарихи-мәдени шара «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты тарихи-мәдени шара «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты тарихи-мәдени шара «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты тарихи-мәдени шара


  • |  Просмотров: 46  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:26-04-2019, 17:58  |  
  •   |