Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Ақтауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

 2019 жылы 23 сәуірде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша дөңгелек үстел өтті.
        
Қатысушылар - өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және олардың мүшелері, кәсіпкерлер, «Жаңғыру жолы» аймақтық жастар штабының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
         Дөңгелек үстелді аша отырып, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина 2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаны жөнінде және Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысының өкілеттігі Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысқандығын атап өтті.
         Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік телеарналар берген халыққа үндеу барысында Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады және бұл сайлау 9 маусымда өтеді деп хабарлады.
         - Бүгін, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия атынан Президенттікке кандидаттын есімін жариялады.
         Елбасының сөзін келтіргім келеді:
         - Біз демократиялық дамудың жолын таңдағанымызды бүкіл әлемге тағы да дәлелдедік. Біз сайлау кезінде бірігуіміз керек. Біз үшін еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнен гөрі құнды ештеңе жоқ. Қазақстандықтар сайлауда бірлік көрсетеді деп сенемін. Партия төрағасы ретінде съезд қарауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президент лауазымына ұсыну мәселесін енгіземін. Оны көп жыл біле отырып, бүгінгі таңда еліміздегі ең лайықты үміткер деп санаймын. Ол менің адал серіктесім болды және барлық менің бастамаларамды қолдады. Мен оған сенемін».
         Содан кейін сөз «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кержбаумға берілді.
         - Құрметті кездесуге қатысушылар, әр мемлекеттің өмірінде маңызды шешім қабылдау сәті келеді. Міне, бүгін де біздің мемлекетіміздің астанасы – Нұр-сұлтан қаласында біздің республикамыздың тарихына енетін ерекше тарихи мәжіліс болып өтті. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бірінші Президенттің перспективалық бағдарламалары мен бастамалары шеңберінде мемлекеттің стратегиялық дамуына ықпал ететін салмақты және нақты шешім қабылданды. Барлық Елбасының ұсынылған бағдарламаларына ҚР Президенттігіне кандидат тікелей қатысқандығы өте маңызды. Қарапайым сөзбен айтқанда, қоян қолтық енбек етті. Бұл қойылған мақсаттар мен оларды іске асыру жолындағы сабақтастығының негізі болып табылады.
         «Бірлік болмай, тірлік болмайды»  деген қазақ халқының дана сөздері қазірғі сәтте нағыз орынды деп есептеймін, - тұжырымдады Юрий Кержбаум.
         Кәсіпкер Ирина Беляева Ел Президентін сайлау азаматтар үшін ең басты саяси процесс екенін атап өтті, өйткені дауыс беру арқасында әрбір саналы адам өз елінің болашағына өз үлесін тигезе алады. 25 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер ретінде, ол үшін, біздің елдегі саяси тұрақтылық пен мемлекеттің дені сау экономикасы маңызды болып табылады. Сондықтан Елбасы ұсынған, Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатурысы әлемге белгілі дипломат және саясаткер болып табылатындықтан, ең үздік тандау болады. Бұл жерде биліктің сабақтастығы байқалады. Ол барлық қатысушыларды Қазақстан Президентінің сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
         «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян Қасым-Жомарт Тоқаев, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Нұр Отан» партиясынан кандидат ретінде сайлауға қатысатынын атап өтті.
         - Елбасының ұсынысының арқасында Қазақстан Халық Ассамблеясы құрылды. Осы екі органда толық міндеттерін атқарып отырғаны сөзсіз. Елбасы ұсынған кандидатура терең ойластырылған арқасында ең лайықты деп санаймын, - қорытындылады Айрапет Курдоглян.
         Басқа спикерлерде «Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
         Кездесу соңында Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан халқына «Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған Қазақстан Президенттігіне кандидатын қолдау туралы ұндеуін жариялады.

Ақтауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті Ақтауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті Ақтауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті Ақтауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Ақтауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Ақтауда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

 

 

 



  • |  Просмотров: 66  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:24-04-2019, 11:28  |  
  •   |