Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2019 жылының  сәуір айының 22 жұлдызында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
            Бүл бас қосуға «Жанғыру жолы» облыстық жастар штабының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жас өкілдері және журналистер қатысты.
            Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина дөңгелек үстелдін жұмысын жұргізіп отырды. Ол Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан үлы жолды бастан өткергенін атап өтті.
            - Біздің еліміз экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің ең перспективті динамикасы бар елдер тобына жатады. Қазақстан Президентінің сайлауын өткізу тарихи дәуірде шешуші рөл атқаратын маңызды процесс, - деді Гүлжан Исмурзина.         Кездесуге Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы Джамбулат Тангиевте қатысты.
         Өз сөзінде ол  ағымдағы жылдың наурыз айындағы жоғарғы билікті ауыстыру Негізгі заңның талаптарына сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Билік тұрақтылығының жоғары деңгейін, демократиялық институттардың пәрменділігін, саяси мәдениет пен азаматтардың бірлігін атап өтіп, ол сайлау елдің ішкі және сыртқы саясатының сабақтастығы мен болжамдылығын растауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
         «Жанғыру жолы» облыстық жастар штабының төрайымы Антонина Огай сонымен қатар, елде тұрақты жағдайды күткен отандық және шетелдік бизнес тақырыбына тоқтала отырып, мерзімінен бұрын сайлау өткізудің маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді.
         «Нұр Отан» партиясының жаныңдағы «Жас Отан» жастар қанатының төраға орынбасары Аружан Шайденова өз сөзінде былай деді:
         - Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауын осы жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім – өз уақытында қабылданған тарихи шешім. Өйткені ел тарихында мемлекет басшысын сайлау, оны әділ де ашық өткізу арқылы қоғам дамуының қалыпты жағдайда жалғасын табуына арқау болатыны баршаға белгілі. Елімізде тұрақтылық пен келісімнің үндестік табуы да, экономикамыздың өрлеуі де, Қазақстанның гүлденіп әлемге танымал елге айналуы да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген салиқалы да салмақты саясатының жемісі болды. Міне, осы үрдіс өз деңгейінде жалғасын табу үшін биылғы жылы Президент сайлауын жоғары деңгейде өткізуге әрбір азамат атсалысуы қажет. Президентті анықтап, билік тізгінін ұстату – жауапкершілігі зор, халық тағдырын айқындайтын өте маңызды іс.
         Қазақстанның жастары біздің еліміздің болашақ дамуына және болашақ мемлекет басшысына қатысты көптеген мәселелерге ие.
         «Нұр Отан» партиясының төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Қазақстандағы төрағалығына кандидат ретінде ұсынылатын XIX съезді өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Мәжіліс ертең, яғни 2019 жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Съезге өнірдің партияның өкілдері мен Маңғыстау облысының «Жас Отан» МК төрағасы қатысады.
         Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау жарияланғаннан бері Маңғыстау облысының «Жас Отан» жастар қанаты,  дауыс беругдін маңыздылығын түсіндіріп, жастармен бірнеше кездесулердің өткізді.
         Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
         Ауызбіршілігі мығым елдің ала алмайтын асуы, аса алмайтын белі болмайтыны әрбіріміз білетін өмір қағидасы. Соны басшылыққа алып, бір-бірімізбен қол ұстасып, бір ұранды, бір бағытты ұстанып кемел келешекке бірге аттанайық, ағайын!
         Шараға қатысқандар, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын халық үшін берері көп екендігін, және елдегі Елбасының бейбітшілік пен бірлікті ұстанымына әрдайым қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН  ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ



  • |  Просмотров: 53  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:22-04-2019, 16:39  |  
  •   |