Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Достық үйінде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, аналар кеңесі және облыстық сот бірлесі отырып ұйымдастырылған Отбасы орталығы ашылды.

         Орталықтардың алдында дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттутарын әйгілендіру, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын даулардың санын азайту мақсаттары қойылған және жанұялық құндылықтарды нығайту.

         Ашылу рәсіміне судьялар, аналар кеңесі, этномәдени бірлестік мүшелері, медиаторлар, мұқтаж жандар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері қатысты.  

         «Заңдар уақыт пен жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін болғанымен отбасылық құндылықтар тұрақты болуы тиіс. Отбасының ішінде кез келген теріс қылық жасалуы мүмкін. Ал біз болсақ, биліктің бір тармағы ретінде азаматтарға отбасыларын сақтап қалуда көмек көрсетуіміз үшін мүмкіндігімізге барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», – деді Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев салтанатты ашылу рәсімінде. 

         Отбасы орталығы іші жайлы, жүгінген адамдардың өтініштері құпиялы болады. Онда психолог пен медиатордың кабинеттері бар. Жайлы жиһазбен жабдықталған ғимараттың ішінде медиацияның артықшылығын жеткізетін түрлі ақпараттық материалдар да бар.  

         Әр қала, аудандардан отбасылар қатысып отырған бұл шарада, 1 наурыз күні Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен, алғыс айту күніне орай өткізілген, «Мейірім, бірлік, алғыс» қайырымдылық мерекесінде, жүрегі жомарт, қайырымды жандардың көмегімен 2 560 000 теңге көлемінде жиналған қаражатты аз қамтылған отбасыларға Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина табыс етті.

 Шараның аяғында этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірге ұйымдастырылған мерекелік концерт өтті.

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды

Ақтауда Отбасы орталығы ашылды Ақтауда Отбасы орталығы ашылды Ақтауда Отбасы орталығы ашылды Ақтауда Отбасы орталығы ашылды
Ақтауда Отбасы орталығы ашылды Ақтауда Отбасы орталығы ашылды  Ақтауда Отбасы орталығы ашылды  Ақтауда Отбасы орталығы ашылды


  • |  Просмотров: 33  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:15-03-2019, 18:15  |  
  •   |