Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Қазақстанда жыл сайын 1 наурыз күнін Алғыс айту күні ретінде атап өту дәстүрге айналған. Мереке өз жерінен қудаланған миллиондаған өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қабылдаған қазақ халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігін жадтан шығармауға арналған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атап өткендей, қазақстандықтар өз тарихына оң көзқарас қалыптастыруы тиіс. Алғыс айту күні - ортақ тарихтың құндылығын көрсете отырып, қазақстандық бірегейлікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және дамытуға бағытталған мереке.

Осынау мерейлі мейрам аясында 1 наурыз күні Маңғыстау облысының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының қолдауымен «Мейірім, бірлік, алғыс» атты мерекелік концерт болды. Концерт басталар алдында ұлттық салт-дәстүрлерге арналған бірегей көрме-экспозиция ұйымдастырылды.

Көрме барысында қонақтарға жылқы жабдықтарымен, киіз үй жабдықтарымен байланысты экспонаттар ұсынылды. Сондай-ақ көрмеге жергілікті тауар өндірушілер қымыз, шұбат, айран және басқа да өнімдерін қойды.

Достық үйінің сахнасында әр түрлі этностық топтардың шығармашылық ұжымдары өз өнерін көрсетті. Ал концерт басталар алдында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, елдің бірлігі мен берекесін одан әрі нығайта түсуге деген тілегін жеткізді.

- 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынған болатын. Сонда  Ассамблеяның құрылған күні 1 наурыз—мереке күні ретінде таңдалды. Елбасы қазіргі Қазақстанды мекендейтін этникалық топтардың ортақ тарихи тағдыры халықтың менталитетіне, оның өмірлік көзқарастары мен ұмтылыстарына оң әсерін тигізгенін, барлық этностар үшін ортақ құндылықтар мен идеалдарды қалыптастырғанын атап өтті. Сіздерді бүгінгі мерекемен, Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Біздің Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендеп, бірлік-берекеміз нығая берсін. Президентіміз айтпақшы, «1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін барлық этностардың бір-біріне және оларды өз бауырындай қабылдап, мейрім танытқан қазақ халқына алғыс айту күні ретінде жыл сайын атап өткен әділ болар еді». Бұл біздің арамызды бұрынғыдан да жақындата түспек. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен достығының жарқын мерекесі бола алады,-деді ол.

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов алғыс сөзінде ауыр, өзінің ауру анасының омырауын емген нәресте кезінде жер аударылған сонау елуінші жылдарғы ауыр кезеңде қазақ әйелі тамағын тойдырып, аман алып қалғанын еске алды.

- Сол әйелдің арқасында мен тірі қалдым,-деді Магомед Омарұлы. Менің екі анам бар, бірі - менің туған анам, ұлты шешен, екіншісі - қазақ, есімі Зәуреш. Өзімнің тарихи отаныма барғанымда, менің тарихымды білетін адамдар мені қазақ деп атайды. Мен мұны мақтан тұтамын. Ал мен Қазақстанның басқа қалаларына барсам, мені адай дейді. Өзімді қазақ халқының бір бөлшегі санайтындықтан бұл да мен үшін мақтаныш.

Концерттік бағдарламада этномәдени бірлестіктер өздерінің мерекелік нөмірлерін ұсынды. Олардың арасында он жасар Армен Сааканьнің «Туған жер» әнін, Ислам Музаевтың орындауындағы «Спасибо степному казаху» әнін, Галина Погорелованың орындауындағы «Дастархан» әнін, «Шадвал» ансамблінің әсерлі биін атап өткен орынды. Мерекелік шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы залында мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін қаржы жиналды. Осылайша бір кеште 3 000630 теңге жиналды. Бұл ақша 7 отбасыға бөлінеді (облыстың әр ауданы мен қаласынан 1 отбасына).

АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

[thumb]http://aktau-dostyk.kz/uploads/posts/2019-03/1552370181_img_4047-

min.jpg[/thumb]

[thumb]http://aktau-dostyk.kz/uploads/posts/2019-03/1552370157_img_4034-

min.jpg[/thumb]

[thumb]http://aktau-dostyk.kz/uploads/posts/2019-03/1552370103_img_4037-

min.jpg[/thumb]

[thumb]http://aktau-dostyk.kz/uploads/posts/2019-03/1552370097_img_4041-

min.jpg[/thumb]

АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ АҚТАУДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ


  • |  Просмотров: 10  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-03-2019, 12:02  |  
  •   |