Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ДУМАНҒА ТОЛЫ КОНЦЕРТ, ҚҰШАҚ-ҚҰШАҚ ГҮЛ ШОҚТАРЫ, ІЗГІ ТІЛЕКТЕР МЕН АҚ НИЕТТЕР БӘРІ ӘЙЕЛДЕР ҮШІН

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

6 наурыз күні, Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Руслан Сәкеевтің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Достық Үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анашым, бір өзіңе табынамын!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Ол мерекелік іс-шараға аз қамтылған отбасыларындағы көп балалы аналар, этномәдени бірлестіктерінің арнайы шақырылған өкілдерімен, БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс әкімнің орынбасары Руслан Сакеев өз сөзінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтын: «Қазақстанның әйелдері ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды рөл атқарды» деп айтқан сөзін атап өтті.

- 1 наурыз - Алғыс күні мерекесін тойлап біздің еліміз біртұтас отбасы ретінде өмір сүретін Қазақстанның біртұтас халқын терең құрметтеу мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетті, - деді әкім орынбасары.

Өз кезегінде жиынға қатысушы қонақтар тарапынан, атап айтсақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлетов Серікбай, «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Шахшаев Юсуп т.б. аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие екенің атап өтті.

Жиын соңында этномәдени бірлестіктерінің талантары аналарға, әйелдер қауымына арнап ән шырқап, залда жиналған нәзік жандыларды өз өнерімен тәнті етті.

ДУМАНҒА ТОЛЫ КОНЦЕРТ, ҚҰШАҚ-ҚҰШАҚ ГҮЛ ШОҚТАРЫ,  ІЗГІ ТІЛЕКТЕР МЕН АҚ НИЕТТЕР БӘРІ ӘЙЕЛДЕР ҮШІН
ДУМАНҒА ТОЛЫ КОНЦЕРТ, ҚҰШАҚ-ҚҰШАҚ ГҮЛ ШОҚТАРЫ,  ІЗГІ ТІЛЕКТЕР МЕН АҚ НИЕТТЕР БӘРІ ӘЙЕЛДЕР ҮШІН

ДУМАНҒА ТОЛЫ КОНЦЕРТ, ҚҰШАҚ-ҚҰШАҚ ГҮЛ ШОҚТАРЫ,  ІЗГІ ТІЛЕКТЕР МЕН АҚ НИЕТТЕР БӘРІ ӘЙЕЛДЕР ҮШІН

ДУМАНҒА ТОЛЫ КОНЦЕРТ, ҚҰШАҚ-ҚҰШАҚ ГҮЛ ШОҚТАРЫ,  ІЗГІ ТІЛЕКТЕР МЕН АҚ НИЕТТЕР БӘРІ ӘЙЕЛДЕР ҮШІН


  • |  Просмотров: 20  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:6-03-2019, 16:45  |  
  •   |