Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА

2019 жылдың 28 ақпанында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» (ҚХА) кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.
Аталмыш шараға Маңғыстау облысы ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» жастар қанатының, «Қоғамдық келісім» КММ-нің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық баспасөз қызметкерлері, «Базалық» факультетінің деканы, кафедра оқытушылары, университет студенттері қатысты.
Мерекелік шарада Алғыс айту күнінің тарихи, саяси және тәрбиелік мән-маңызы терең қарастырылып, Қазақстан этностарының ұлттық әндері мен билері көпшілік назарына ұсынылды. Осы шара барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптейтін бейнематериалдар көрсетіліп, «Бірлігіміз жарасқан» атты ұлттық тағамдар көрмесі, Алғыс айту тақтасы ұйымдастырылды. 

Мерекелік шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА
«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА
«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА
«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА
«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА


  • |  Просмотров: 15  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:28-02-2019, 18:15  |  
  •   |