Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Қазақстан Халық Ассамблеясының Ақтау қаласындағы ғимаратында Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында байқау өтті. 23 этнос өкілдерінің басын қосқан осынау байқауды ұйымдастырудағы мақсат—әркімнің өз ана тілінің көркемдігін сезінуі, басқа тілді құрметтей білуге шақыру және тілдік, мәдени әртүрлілікті, тілдік ерекшелікті сақтау, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

  Жас айырмашылығы 15-45 аралығындағы сайыскерлердің әрқайсысы өз ұлтының ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқыды және сол оқыған өлеңдерін мемлекеттік тілдегі аудармасын оқыды.

  Сахнаға алдымен 15-25 жастағы қыз-жігіттер шығып, көрермендерді өз өнерімен тәнті етті. Ал екінші топты 42 жастағы ағылшын Камс Камуабо өзінің ана тілі мен қазақ тіліндегі әсем жырымен түйіндеді. 

  Екі тілде жаттаған жырларын поэзия сүйер қауымға барынша әсем жеткізе білген дарындарды бағалау қазылар алқасына да оңай тимесе керек. Дегенмен, жүйріктен жүйрік озар сайыс болған соң оның жеңімпаздары да анықталды.

  Жүлделі I-орындарды ағылшын Камс Камуабо мен қарақалпақ қызы Дильназ Жұбайшаева бөлісті. Ал 2-орын қарақалпақ қызы Венера Суровцева мен орыс қызы Ева Вельичконың еншісіне тисе, 3-орындарға орыс қызы Валерия Галушко мен қырғыз жігіті Таалайбек Бегейбай жайғасты.

   Ана тілінің қадірін арттырған бұл шараға белсенді қатысқан өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің өнерпаз мүшелері ән-билерімен шашу шашып, кеш ажарын аша түсті. 

 

Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегімізТіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегімізТіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегімізТіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегімізТіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегімізТіл–тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз


  • |  Просмотров: 32  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-02-2019, 11:34  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: