Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды

Маңғыстау облысының Достық үйінде өткен «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХIХ конференциясы өтті. Оны облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды.  

- «Нұр Отан» партиясы құрылған кезден бастап Қазақстан азаматтарының бастамалары мен күш-жігерін, еліміздің жауапкершілігі жоғары саяси күштерін бір арнаға бағыттай отырып, қоғамдағы көшбасшылық тізгінін нық ұстап келеді,-деді Ералы Лұқпанұлы.

-Елбасының өміршең идеяларының алтын арқауы–Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу, «Мәңгілік ел» болу сияқты өмірлік маңызы зор жасампаздық бағыттарын жүзеге асыруға жұртшылықты жұмылдыруды партия өз міндетіне алды. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев: «...Партия қоғамның қалың топтарын біріктіре отырып, қазақстандықтарды жалпыұлттық міндеттерді шешуге жұмылдыра алды. «Нұр Отан» қоғамның барлық сұраныстарына шұғыл үн қататын топтастырушы, жауапкершілікті және халықтық саяси ұйымға айналды...»,-деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі конференция еліміз үшін аса маңызды шара–«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы мен партияның кезекті XVIII съезі қарсаңында өтіп отыр. Осыған орай, партияның Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХIХ конференциясы шақырылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы және Саяси кеңес Бюросының мүшесі Қайролла Ережепов «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі туралы» баяндады.

Ол өткен уақыттар көрсеткеніндей, күшті саяси партиялар–орнықты және өркендеген мемлекеттердің тұрақты бөлігі болып табылатынын атап өтті.

- «Нұр Отан» партиясы президенттікке кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдау қоғамдық коалициясының негізінде 1999 жылы құрылды,-деді ол.-Президент Қоғамдық штабтың  саяси партия құру туралы ұсынысын қолдады.1999 жылғы 1-наурызда, партияның 1-ұйымдастыру Съезінде сөйлеген сөзінде Президент аталарымыз бен әкелеріміз қорғаған Отан ұғымының мазмұнына тоқталды. Ол «Қазір Қазақстан халқы бейбітшілікте, соғыссыз және дау-жанжалсыз өмір сүруде. Бірақ біздің жан-жағымызды қоршаған дағдарыс, еліміздің егемендігін бекіту жолындағы біздің алдымызда тұрған міндеттер жайбарақаттық пен қамсыздықты ешқашан кешірмейді. Сол себепті, демократияны өркендету және еркін қоғам құруды мақсат еткен партиялар, үкіметтік емес ұйымдар құру өз Отанының әрбір азаматының міндеті болу керек» деген болатын. Сол кезде партияға 164 мың адам тіркелді. Бұл Қазақстандағы ең ірі саяси партия болды. Естеріңізде болар, партия құрылатын 90-шы жылдар өте қиын  кезең еді. Кеңес Одағы тараған кездегі ауыртпалықтарды айтпақ түгілі, еске алудың өзі оңай шаруа емес. Жалақылар төленбей, тырнақтап жинаған мүліктер құнсызданды. Біздің күнделікті  қамсыз тіршілігіміз бір мезетте шашылып қалды. Тұтыным тауарларының бағасының өсуі жылға шаққанда 3000%-ға жетті. Дүкен сөрелері бос қалды. Бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттердің бірқатарында азаматтық жанжалдар өршіп, ал кейбіреулерінде соғысқа дейін барды. Біздің көпұлтты мемлекетімізді  де «оқ-дәрі бөшкесі» деп сәуегейлік айтқандар аз болған жоқ.

Осындай, өте күрделі қоғамдық-саяси жағдайда, Қазақстан Елбасының басшылығымен егемендігімізді қамтамасыз ете білгенін айтқан Х.Ережепов Қазақстанның халықтар Ассамблеясымен әріптестіктің нәтижесінде елімізде ұлтаралық және конфессияаралық  тыныштық пен келісімнің сақталуына қол жеткізілгенін ерекше атап өтті.

 

Екінші мәселе—Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев сөз сөйлеп, жүзеге асырылып жатқан нақты шараларға тоқталып өтті.

Үшінші мәселе—«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау жайын «Ұлттық рух» қоғамдық қорының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Аят Сүгірбай баяндады.

Конференцияның күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Звира Есбергенова сөз алып, «Партия Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы айтты.

Қонференция соңында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды. Маңғыстаулық делегаттар арасында этномәдени бірлестіктер өкілдері де бар.

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне делегаттар сайланды


  • |  Просмотров: 44  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-02-2019, 18:00  |  
  •   |