Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ҚХА кафедрасындағы басқосу

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2014 жылы С. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде мемлекетіміздің этносасяатын жүзеге асыру және студент жастарды төзімділік пен жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» (ҚХА) кафедрасы ашылған болатын. 5 жылдан бері жемісті жұмыс жүргізіп келе жатқан «Базалық» факультетінің осынау кафедрасы таяуда «Қоғамдық келісім» мен жалпы ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттар мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың тиімді өзара әрекеттесу механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ондағы мақсат—ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік және азаматтық институттарымен конструктивтік және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып, облыста болжамдық, талдамалық және білім беру қызметінің тиімділігін арттыру.

Маңғыстау облысы ҚХА басшылары, «Қоғамдық келісім», этномәдени бірлестіктер, КМТИУ-нің қызметкерлері және ҚХА кафедрасының оқытушылары қатысқан шарада айқын мақсатты іске асыру бағытында тындырылып жатқан істер мен алдағы жоспарлар жайында айтылды.

ҚХА кафедрасының меңгерушісі А.Мамбетова «Қоғамдағы үйлесім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының қызметі туралы» баяндама жасап, осында жүзеге асып жатқан игілікті істерге тоқталды. «Рухани жаңғыру» аясында өтіп жатқан шаралар, «Киелі мұра» интерактивті студенттік эстафета және басқа жобалар жайында әңгімеледі.

Ал кафедраның доценті Л.Буянова «Оларды қасиетті Маңғыстау жері мақтан тұтады» ғылыми-зерттеу жобасы елдің ұлттық бірлігін нығайтудың маңызды құралы ретінде» атты баяндамасында өңіріміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан адамдар есімін дәріптеуге арналған жоба туралы айтты. Жергілікті этномәдени орталықтар өкілдерімен бірге жүзеге асып жатқан аталмыш жобаның зерттеу жұмыстарына студенттер де тартылатын болады.

Басқосу барысында сөз сөйлеген ұстаздар мен қонақтар көтерілген мәселелерге орай ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

ҚХА кафедрасындағы басқосу ҚХА кафедрасындағы басқосу ҚХА кафедрасындағы басқосу ҚХА кафедрасындағы басқосу ҚХА кафедрасындағы басқосу


  • |  Просмотров: 35  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:7-02-2019, 14:52  |  
  •   |