Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ

Ақтау қаласындағы 3б шағын ауданның 51/1 ғимаратында орналасқан жатақхананың ашылу салтанаты болды.

Бір айта кетерлігі, осынау ғимаратты студенттер игілігіне берген инвестор Шамсадин Гусейнов—«Достлуг» Əзірбайжан этномəдени бірлестігінің төрағасы, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Шамсадин Аллахверди оглы ғимаратты өзі толық жөндеуден өткізіп, қазіргі заманға лайықтап ұсынып отыр.

Салтанатты шараға жиналған мемлекеттік органдар басшылары, Нұр Отан партиясы, ардагерлер кеңесі, кәсіпкерлер палатасы, әлеуметтік әріптестер, депутаттар, кәсіпкерлер, ардагер ұстаздар, колледждер студенттері және ата-аналар алдында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов құттықтау сөз сөйледі.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бес әлеуметтік бастамасының» Үшінші бастамасында  студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуды тапсырды,-деді өңір басшысы.-Сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында  Қазақстан тарихына терең ой салуды үндейді және оны ел-жұрттың рухани игілігіне практикалық тұрғыда айналдыру мақсатында ірі, маңызды жобаларды ұсынып отыр. Осы бағытта бүгін Ақтау қаласында 210 орындық студенттерге арналған жатақхана ашып отырмыз. Облысымызда 27 колледж онда 21244 студент білім алады. Қазіргі таңда облысымызда 1064 студентке жатақханадан орын қажет болып отыр. Мұндай жобаларды іске асыруға ниеттенген жеке кәсіпкерлерді біз әрқашан қолдауға дайынбыз. Бүгін осы жатақхананы ашуға қолдау көрсеткен Гусейнов Шамсадин Аллавердиоглына алғысымызды білдіреміз. Студент жастар—еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы. Сондықтан  2019 жыл «Жастар жылы» деп аталды. Жуырда Елбасының қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Ел жастарын жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Айталық, жастар мәселесін шешуге арналған «Жол картасын» әзірленетін болады. Облысымыздың студенттері жұмысшы мамандығының «WorldSkillsKazakhstan» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды иеленді. Аталған чемпионат бойынша жылдан-жылға жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Студенттерге  тиісті дәрежеде жағдай жасау, саналы тәрбие мен сапалы білім беру–басты мақсатымыз. Сондықтан біз 2021 жылдың соңына дейін студенттерді 100% жатақханамен қамтуды алдымызға міндет етіп қойып отырмыз. Осы орайда үстіміздегі жылы тағы да 460 орындық 2 жатақхананы іске қосамыз.

Студенттер үйін  қолданысқа беріп отырған Ақтау қалалық маслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер, «Достлуг» Əзірбайжан этномəдени бірлестігінің төрағасы Шамсадин Гусейнов студенттерге өзінің қолдауымен біткен істің игілігін көруін тілеп, құтты болсын айтты.

Жатақханаға орналасып жатқан Маңғыстау өнер колледжінің студенттері атынан сөйлеген студент Айнұр Жұмабаева өзінің және достарының жүрекжарды қуанышын жеткізіп, кәсіпкерге алғыс айтты.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов және көп жылдар бойы өнер колледжін басқарған, бүгінгі таңда студенттерге ұлттық аспаптардан дәріс беріп жүрген ардагер ұстаз Аманбек Сүндетов таспа қию рәсімін жасап, жиналғандар жатақханаға кірді.

Қонақтарды облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев пен ЖК «Гусейнов» директоры Шамсадин Гусейнов жатақхананың материалды-техникалық жабдықталу жайымен таныстырады. Ал облыс әкімі демалыс бөлмесіне теледидар сыйлады.

Өткен жылдың желтоқсан айында дайын болған жатақхана заманауи жиһазбен толық жабдықталған. Әр қабатта тұрмыстық техникалар орнатылған, ас үйлер, санитарлық торап секциялары талапқа сай. Сонымен қатар, ғимаратта WI FI сымсыз желісі жүргізілген.

СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ
СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ЗОР СЫЙЛЫҚ  


  • |  Просмотров: 67  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:7-02-2019, 13:05  |  
  •   |