«АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ

Ағымдағы жылдың 16 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚХА Қарақия аудандық «Қоғамдық келісім» және «Ажар-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Қарақия аудандық «Ақ орамал» аналар форумы өтті.

Форумның мақсаты: Әйел затының қоғамдағы рөлі, ақ орамалға деген  құрмет, әйелдер қауымының мәртебесін көтеру, құқығын қорғау, ана мен бала денсаулығын жақсарту, жас кәсіпкер аналарымыздың ізгі істерін үлгі тұту.

«Ақ орамал» аналар форумына аудан әкімі Қыдырберді Әндірұлы Беков, Қарақия аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Төлесбаева Айғаным, Маңғыстау облысы «Аналар кеңесінің» төрайымы Бернеева  Зульфия Идаятуллаевна, мекеме, бөлім басщылары мен қызметкерлері, ауданға қарасты елді мекендердегі аналар кеңесінің мүшелері, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің қызметкерлері мен «Маңғыстау әйелдер көшбасшы»  мектебінің директоры Р.Махамбетова қатысты. 

Аудан әкімі Қ.Беков форумды ашып, бүгінде қоғамның барлық салаларында ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген қыз-келіншектердің бала тәрбиелеуде ғана емес, білім мен саясатта, экономикалық және әлеуметтік тұрмысты жақсартуда – бүкіл халқымыздың, еліміздің мақтанышы екендігін, сондай-ақ  бүгінгі таңда, Қарақия ауданында  1236 көп балалы ана, оның ішінде 962 алтын, күміс иегер аналар және аудан экономикасына үлесін қосып жүрген 800 ден астам кәсіпкер аналар бар екендігін, осындай аналарымыз құрметке лайықты екенін айта келіп, дендеріне  саулық,  босағаларына бақ-береке, шаңырақтарына шаттық тіледі.

Сонымен қатар, форум барысында Қарақия ауданы «Аналар кеңесінің» атқарған жұмыстары,  аудандағы жас аналардың денсаулығы және ана мен бала өлімі, әйел құқығын қорғау және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу, ауданымыздағы мектептердегі оқушы қыздарымыздың үлгерімі, кәсіпкер аналарымыздың өз кәсібінің баспалдағы   тақырыптарында баяндамалар оқылып, аналарымыз  бірнеше  номинациялар бойынша марапаттарға ие болды.

Атап айтсақ:

«Үлгілі ене» номинациясы бойынша - Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылының тұрғыны Әжібаева Ақілгек Байрабайқызы;

«Жас көп балалы ана»  номинациясы бойынша – Атағараева Жаңагүл Ізтұрғанқызы;

«Ұлт келіні» номинациясы бойынша – Ерзахова Оксана Аркадиевна;

«Нәзік жанды спортшы» номинациясы бойынша – Сағида Арманд Туғандардықызы;

«Кәсіпкер әйел» номинациясы бойынша – Кенжебекова Бақытжан Жаңабайқызы;

«Қоғам жанашыры» номинациясы бойынша - Онгарбаева Рахима Караулбекқызы алғыс хаттармен маратталды.

«АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ «АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ «АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ «АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ
«АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ «АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ «АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ «АҚ ОРАМАЛ» АНАЛАР ФОРУМЫ


  • |  Просмотров: 754  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:16-11-2018, 18:00  |  
  •   |