Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасының құрметті азаматтары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Рүстемов Абдулла Ынтымақұлы және Толыбаев Өмірзақ Полатұлы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында қонақта болды.

Абдулла Ынтымақұлы жастайынан білім алуға, өнерге жақын болды. Балалық шағында сурет салуға қызықса, өсе келе өлеңдер  жазуды жанына жақын тартты. Студенттік шағында шығармашылықпен айналысып, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға иеленді. Жазған өлеңдері БАҚ беттерінде жарияланып, теледидардардан да көрсетілген. Сонымен қатар ол спорттың ауыр түрі бокспен шұғылданып, жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Ол ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Өзбекстан Республикасының «Құрмет белгісі» ордені, «Шухрат» медалі, бірқатар Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттармен марапатталған.

Қонақтарды Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы мен "Маңғыстау" газетінің бас редакторы Ғалым Әріп ғимарат алдынан қарсы алды. Қонақтар ғимараттың үш қабатын да аралап, Саммит өткен үлкен залды көріп, бес елдің басшыларына арналған кабинеттермен танысты, "Осындай жас қала Ақтауда ауқымды шара Саммиттің өтуі - үлкен мәртебе. Саммиттің жоғары деңгейде өткеніне біз де қуаныштымыз. Өзбекстан мен Қазақстан Республикасының достығы әрқашан берік болсын" , - деді Абдулла Ынтымақұлы. Кездесу соңында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрметті қонақтарға естелік ретінде "Каспий" теңізі бейнеленген картинаны табыстады.

Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді
Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді Достық үйіне Өзбекстан елінен қонақтар келді

 



  • |  Просмотров: 617  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:20-09-2018, 13:22  |  
  •   |