ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ДА ӨТТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының Астананың 20 жылдығына арналған «АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ» жалпықазақстандық ашық диктанты Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысында да өтті. Ашық диктант ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде жергілікті уақытпен сағат 10.00-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының кітапханасында өткізілді. Ашық диктанттың мақсаты: Мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Аталмыш шараға өзге ұлт өкілдері қатысты.Негізгі мақсаттың бірі – барлық қатысушыларға өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік беру. Диктант мәтінін жоғары санатты, қазақ тілі пәнінің мұғалімі оқыды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
- | Просмотров: 752 |
- Комментариев: 0 |
- Дата публикации:24-09-2018, 13:06 |
- |