Жаңаөзен қаласында алғаш рет «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» атты акциясы өтті

2018 жылғы 1 шілдеде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» КММ Жаңаөзен қаласы бойынша өкілдігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы №699 Жарлығымен бекітілген «Ұлттық Домбыра күні» жаңа мерекесін атап өтуге байланысты Жаңаөзен қаласында алғаш рет Жаңаөзен политехникалық колледжінің қолдауымен «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» атты акциясын өткізді.

Бұл акцияның мақсаты - қазақтың ұлттық аспабы - домбыраны насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру идеясы бойынша қоғамды одан әрі нығайту болып табылады.

Шараға ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ Жаңаөзен қаласы бойынша өкілі Ғ.Айтжанов, Жаңаөзен политехникалық колледжі директорының орынбасары Ғ.Құрманғалиев, ҚХА құрамыжәне  БАҚ өкілдері, оның ішінде «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшілері, «Жаңаөзен» газетінің журналистері қатысты.

Шараға қатысушылар бұл айтулы күнде алғашқы болып дүниеге келген қаламыздың кішкентай тұрғынына және оның анасына өзінің құттықтауларын және тілектерін жеткізді.

Бұл күні Қалалық перзентханада алғашқы рет дүние есігін ашқан сәбиге қазақтың ұлттық аспабы – домбыра сыйлыққа тартылды және Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан құттықтау хаты берілді.

Бұл акция Қазақстанның жаңа азаматтарына және олардың ата-аналарына балалардың рухани дамуы үшін маңызды өмірлік бағдар  болады. Өйткені, ежелден бері қазақ халқының ұл-қызы домбыраны білмесе, ол өз халқының рухын түсінбейді деген аталық сөзі бар. Домбыра - әкелеріміздің асыл мұрасы екендігін ешқашан ұмытпауымыз қажет!

Жаңаөзен қаласында алғаш рет  «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» атты акциясы өтті Жаңаөзен қаласында алғаш рет  «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» атты акциясы өтті Жаңаөзен қаласында алғаш рет  «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» атты акциясы өтті Жаңаөзен қаласында алғаш рет  «Ұлттың саз байрағы - Домбыра» атты акциясы өтті


  • |  Просмотров: 808  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:2-07-2018, 17:20  |  
  •   |