Этномәдени бірлестіктердің басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды

Ағымдағы жылдың 1 – маусымында Достық үйінің 3 қабатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты тақырыпта облыстағы  этномәдени бірлестіктердің  өкілдері және жастардың  қатысуымен дөңгелек үстел өтті.  ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Г.Исмурзина, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Е.Мендалиев  қысқаша іс-шараның мақсаты, сыбайлас жемқорлықтың себеп-салдарын түсіндірді. Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.Айтжанов департамент пен этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимыл жүргізу нәтижесіндегі жетістіктерге тоқталып өтті. Этномәдени бірлестіктердің басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін  және мемлекеттік органдар тарапынан қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіруге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Дөңгелек үстел  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтерді көрумен аяқталды.

Этномәдени бірлестіктердің басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды Этномәдени бірлестіктердің басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды Этномәдени бірлестіктердің басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды


  • |  Просмотров: 578  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:13-06-2018, 10:29  |  
  •   |