Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы»

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні мектеп қызметкерлері мен психологтарына арналған «Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы» тақырыбы бойынша 1 күндік семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – білім саласында медиация бағытындағы жұмысты жандандыру, мектептегі медиация негіздерін түсіндіру.

Семинар-тренингке барлығы 32 мектеп қызметкерлері мен психологтар қатысты. Олар мектептегі медиация негіздері және жүргізу техникасы бойынша түсінік алып, өзара пікір алмасып, тест жұмыстарын жасады.  

Достық Үйі жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі С.С. Тулебаевна медиация кабинетінің тұрақты жұмыс істеп тұрғандығын айта келе, алдағы уақытта да мұндай семинар-тренингтердің жалғасы болатындығын жеткізді.

Шара соңында қатысушыларға «Мектептегі медиация негіздері» курсынан өткендігін дәлелдейтін сертификаттар табысталды.

«Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы» «Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы» «Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы» «Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы»

 



  • |  Просмотров: 774  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:27-11-2017, 16:33  |  
  •   |