«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқыланды

15 қараша күні Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылады.

Аталған құжат елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық және этносаралық қатынастар саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге, іске асыруға бағытталған.

Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық рөлін күшейтетін, қазақстандықтардың қоғамдық келісімі мен ұлттық бірлігін нығайту үшін жағдайлар жасайтын, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және жалпы ұлттық азаматтық және рухани-мәдени құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ететін өзгерістер енгізілген.

Жиын барысында Маңғыстау облысы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ә. Джайлханова «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңы 10-1-баппен толықтырылып, онда көрсетілген Ассамблея Кеңесінің мүшелерінің құзыры мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Ұсынылған заң жобасының 2-1-тармағы бойынша, этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет. Бұл жөнінде Медиация кабинетінің меңгерушісі С.С. Тулебаевна: «Жоба бойынша, Қоғамдық кеңестің мүшесі болуы үшін, этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет. Менің ойымша, бұл бірлестіктердің атқарып отырған жұмыстарын дамытуға септігін тигізеді», - дейді.

Жиын барысында аталған заң жобасы алдағы уақытта жұмыс тобының отырыстарында одан әрі талқыланатыны хабарланды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқыланды «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқыланды «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқыланды «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқыланды «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқыланды

 



  • |  Просмотров: 784  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:16-11-2017, 14:57  |  
  •   |