«Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағы

4 қараша күні рухани жаңғыру жолында әр сенбі сайын Достық Үйінде өткізіліп отырған «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағына химия-биология бағытындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің 8 және 10-сынып оқушылары қатысты.

Ашық сабақтың мақсаты – Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Самира Абдуллаева мен Айгүл Төреғалиевна мектеп оқушыларын қарсы алып Достық Үйімен таныстырды. Оқушылар «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасап әр түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдері мен көрнекіліктерін тамашалады. Сондай-ақ, дәріс соңында оқушылар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

«Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағы «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағы «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағы

 



  • |  Просмотров: 670  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:4-11-2017, 10:43  |  
  •   |