«Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас»

28 қазан күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Достық Үйінде «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағы бастау алды.

Әр сенбі сайын студенттер мен оқушылар арасында өтетін «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» ашық сабағының алғашқы қатысушылары Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей интернатының оқушылары қатысты. 

Ашық сабақтың мақсаты – Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

 «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі лицей оқушыларын  қарсы алып, «Достық үйімен» таныстырды. Олар «Достық үйінің» мұражайына саяхат жасады. Мұражайдағы «Халықтық келісім» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Жаздырхан Сейдалиевке арналған бұрышпен танысып, әр ұлттан құралған 21 этномәдени бірлестіктердің көрнекіліктерін тамашалады.

Ашық сабақ барысында оқушылар Елбасы мақаласын талқылап, латын әліпбиіне көшу жөнінде өз ойларын білдірді. Дәріс соңында қатысушылар арасында викториналық ойындар өткізілді. Ұйымдастырушылар оқушыларға қазақтың салт-дәстүрі бойынша сұрақтар қойып, олардан жауап алуға тырысты. Дұрыс жауап берген қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. 

«Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас» «Ұлттық мәдениет – болашаққа көзқарас»

 



  • |  Просмотров: 688  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:28-10-2017, 10:40  |  
  •   |