Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Поэзияның жүрегі бір»

«Поэзияның жүрегі бір»

 20 қазан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Шуақты өлке» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, Достық Үйінде түрлі этнос өкілдері балаларының арасында мектепаралық «Поэзияның жүрегі бір» атты байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, өзге ұлт өкілдеріне Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Сабыр Адай шығармашылықтарын насихаттау арқылы қазақ тіліне деген ықылас-ынтасын жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру, тіл мәдениетін шыңдау.

Шараға Маңғыстау облысы әкімі  апараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ә. Джайлханова, «Жолбаян» радиосының «Поэзия кеші» радио хабарының жүргізушісі Ғ.Айтқожақызы, Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері  С.С. Ергарина, «Пахтакор» өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Д.Ш. Насиллоұлы және мектеп оқушылары қатысты.

Байқау барысында сайыскерлер Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Сабыр Адай шығармашылығынан өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

«Поэзияның жүрегі бір»

Қазылар алқасы үміткерлердің өлеңді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына назар аударды.

Нәтижесінде, № 9 орта мектебінің оқушысы, түркмен ұлтының қызы Худайбердиева Амина өзге үміткерлерден оза шығып, жүлделі 1-орын мінберінен көрінсе, №3 орта мектебінің атынан қатысқан ұлты татар Батыршин Ринат 2-орынға лайық деп табылды. Ал №7 орта мектебінің оқушысы, әзірбайжандық Мамаедова Садаф 3-орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.



  • |  Просмотров: 313  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:24-10-2017, 13:51  |  
  •   |