«Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 6 қазан күні Достық Үйінде №8 «Ақжелкен» балабақшасының бүлдіршіндері қонақта болды.

Жаңғыру жолымен жүруге берілген нақты бағдарламада айтылғандай, жастардың білімге деген құштарлығын оятып, патриоттық сана-сезімін бала кезден қалыптастыру қажет.

Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер тәрбиешілерімен бірге Достық үйінің мұражайына саяхат жасап, этномәдени бірлесіктердің көрмеге қойған құнды жәдігерлерімен танысты.

Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» КММ-сінің қызметкерлері бүлдіршіндерге латын әріптерін үйретіп, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты сұрақтар қойып, білімді ұрпақ тәрбиелеп отырған балабақша тәрбиешілері А.Г. Абдуллаева  мен С.Л. Юрьевнаға алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында кішкентай балақайлар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимінін орындап, тақпақтарын айтты. Ал «Қоғамдық келісім» КММ-сінің қызметкерлері талантты бөбектерді құр жібермей, арнайы сыйлықтарын табыстады.

«Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде «Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде «Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде «Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде
«Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде «Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде «Ақжелкен» балабақшасы Достық Үйінде  

 



  • |  Просмотров: 834  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:7-10-2017, 12:34  |  
  •   |