Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы

Достық Үйінің жаңа ғимаратында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі, Алматы Менеджмент Университетінің ұйымдастыруымен «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы өтті.

Мақсат – мәдениетаралық диалог қалыптастыру, жастар саясаты саласында озық тәжірибе мен инновация алмастыру, Каспий маңы мемлекеттерінің жас көшбасшыларын біріктіру.

Форумға ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Әзірбайжан Республикасының жастар және спорт министрінің орынбасары Интигам Бабаев, Милли Меджлис депутаты Шахин Исмаилов және әзірбайжандық жастар, Британдық «The Independent» басылымының бас экономикалық шолушысы Хэмиш МакРей, олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысты.

Шара барысында қатысушылар қазіргі жаһандану заманында ұлттық кодтың сақталуы, білім мен ғылымның дамуы, шетелдік білім факторы және оның ұлттық кодқа әсері, жастардың құндылық жүйесіндегі негізге алынатын, оларды қалыптастыратын артықшылықтар мен факторлар жөнінде сөз етіп, өз ойларын білдірді.

«Жастардың мәдени коды: құндылықтар, архетиптер және мазмұн» тақырыбында өткен пленарлық мәжілістен соң, әлемге әйгілі TED TALKS форматында ұйымдастырылған «CASPI TALKS» -ке Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының БАҚ байланыс жөніндегі кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, тарих философиясының докторы, Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясының тарих институтының аға ғылыми қызметкері Ламия Кафар-заде, ҚБТУ ақпараттық технология факультетінің студегті, 12 жастағы вундеркинд Мырзаш Абзал, Атырау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қуаныш Жалғасбаев қатысып, жастарға қызықты мәліметтер ұсынды.

Пленарлық мәжіліске қатысқан спикердің әрқайсы жастарға арнап, ұлттық құндылықтар, білімге ұмтылыс, бәсекеге қабілетті болуға талпыныс және өзге де бүгінгі таңдағы рухани жаңғыру үрдісіне сәйкес қолға алынуы тиіс әрекеттер туралы нақты мысалдар келтіре отырып, ұғынықты түрде әңгімеледі.

«Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы
«Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы «Жас.Жалын.Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы

 



  • |  Просмотров: 423  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-09-2017, 12:28  |  
  •   |