Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта

7 қыркүйек күні Ақтаудағы халықаралық теңіз портында екі ел флоттары арасындағы ынтымақтастық байланысты нығайту мақсатында Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелерімен салтанатты кездесу өтті.

Мерекелік бағдарлама аясында теңізшілер түрлі спорттық жарыстарға қатысып, Ақтау қаласының көрікті жерлерін аралап, Достық Үйінде қонақта болды.

8 қыркүйек күні, Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының 70-ке жуық өкілін Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арнайы дастархан әзірлеп, аса қонақжайлылықпен қарсы алды. Қазақ халқының ұлттық сусыны қымыз бен бауырсақ таратылды.

Сондай-ақ, шығармашылық топтардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Көрші елден келген қонақтарымыз өңірге танымал «Шадвал», «Арулар» би ансамблдерінің өнерін тамашалап, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің жас әншісі Армен Саакяның орындауындағы «Қазақстан» әнін тыңдады.  

Этномәдени бірлестік өкілдерінің алғы сөздерінен кейін, «Русское землячество» қоғамдық бірлестігінің өкілдері З.Лихоманова және Е.Витальевна қонақтарға естелік сыйлықтар табыстап, Достық үйі мұражайын экскурсиялауға шақырды.

 Іс-шараның соңында қонақтар этномәдени бірлесіктердің көрмеге қойған құнды жәдігерлерін танысып, естелік суретке түсті. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынын сый-сыяпаттар да тарту етілді.

Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта
Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта
Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының мүшелері Достық Үйінде қонақта    

 



  • |  Просмотров: 807  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-09-2017, 12:54  |  
  •   |