Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталды

15 тамыз күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Маңғыстау облысының мәдени күндері басталды.

Осыған орай, Маңғыстау облысының делегациясы алғашқы Маңғыстау күндерін «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Кейін, жиналған көпшілік,  халық жазушылары, жерлестеріміз Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың басына барып, зиярат етті.

Бұл шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен елімізге танымал зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен имамға Әбіш Кекілбаевтың басына құран бағыштатып,  кейін Фариза Оңғарсынованың зиратына гүл шоқтарын қойды.

Естеріңізге саламыз, бүгін сағат 21:30 ЭКСПО алаңында Маңғыстау облысының Мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтеді.

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталды Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталды Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталды Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері басталды


  • |  Просмотров: 927  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:15-08-2017, 22:30  |  
  •   |