Маңғыстау облысының Мәдениет күндері

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының «Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!» атты Мәдениет күндері өтеді. Осыған орай, шығармашылық ұжым өкілдері елорда тұрғындары мен қала қонақтарына арнайы мәдени шара ұйымдастыруда.

15-18 тамыз аралығында өтетін шараға 40-қа жуық мәдени бағдарлама дайындалған. Бұл жайында Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Пания Сармурзина, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында баяндады.

Мәдениет күндерінің ашылуы 15 тамыз күні сағат 21.30-да ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда өтеді. Ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және 350 өнерпаз қатысады. Концерттік бағдарламада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Дарын сыйлығының лауреаты Айгүл Қосанова, Тамара Асар, Камшат Жолдыбаева, Лұқпан Жолдасов өнер көрсетеді.  

16 тамыз  күні конгресс-холлда Маңғыстау облыстық М.Өскінбаев атындағы филармониясы А.Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дәстүрлі ән-күй-жыр саздарының концерті болады.

18 тамыз күні М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының «Шыңырау» спектаклі өтеді.

Сонымен қатар, 15-18 тамыз күндері Этно-ауыл аймағында облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық концерттік бағдарламалары, ұлттық киімдер көрсетілімі мен фотокөрме өтеді.

Жалпы, Астанадағы Маңғыстау облысының мәдениет күндеріне барлығы 567 өнерпаз қатысады. Оның 20 қолөнер шеберлері, 233 кәсіби ұжымдар мен әртістер және 120 этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары.

Маңғыстау облысының Мәдениет күндері Маңғыстау облысының Мәдениет күндері Маңғыстау облысының Мәдениет күндері

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 973  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:10-08-2017, 15:02  |  
  •   |