Медиаторлар күніне орай «Ашық есік күні»

5 тамыз – Қазақстан Республикасы бойынша медиаторлар күні деп белгіленген. Осыған орай, 4 тамыз күні Маңғыстау облысы Достық Үйі ғимаратында «Ашық  есік күні» өтті.

2016 жылы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинеті өз қызметін жүйелі түрде өткізуде. Соның ішінде, тоқсан сайын өтетін «Ашық есік күндері» кәсіби медиаторлар үшін маңызды болып саналады.

 Ақтау қаласында медиация бойынша белсенді орталықтың бірі – «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі.  Орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бұл күні тұрғындардың өтініштері, басқа да медиациялық процедуралар тегін жүргізіліп, бұзақылық, ұрлық, қызметін асыра пайдалану, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру, ажырасу даулары бойынша медиациялық келісімге бірнеше арыздар қабылданды.

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі



  • |  Просмотров: 779  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:7-08-2017, 16:50  |  
  •   |