Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Медиация түсінігі мен техникасы" тақырыбында семинар өтті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н. Ə. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 12 мамыры күні Маңғыстау облысы əкімінің аппарата  "Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйымдастыруымен "Медиация. Медиация түсінігі мен техникасы" тақырыбында семинар өтті. Оған, денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары қатысты. Бір күндік семинар - тренинг аясында, қатысушылар медиация туралы толық түсінік алып, медиатор болудың қыр - сырымен танысты. Медиация заңдылықтары туралы толыққанды ақпаратты "МО Азаматтық альянсы" президенті əрі кəсіби тренер Жібек Ахметова айтып өтті. Қазақстан əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін мемлекет қай жағынан алып қарағанда да бəсекеге қабілетті болуы керек. Соның бірден бір жолы - медиация. Өйткені дамыған мемлекеттерде дауларды сотқа дейін шешу, яғни медиация тəртіптерін қолдану кеңінен таралған. Бүгінде елімізде де медиация арқылы дауларды шешу халық арасында таралып келеді. Деседе, тұрғындар арасында əлі де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттандыру жұмыстарын облыстық Ассамблея жанындағы "Қоғамдық келісім" мамандары қолға алған.  Сондай - ақ, семинар аясында  қатысушылар  медиатордың рөлі, медиацияны қолдану саласы, медиативтік техникалар жəне медиация қүралдары туралы  ақпаратқа қанық болды. Топтық жұмыс атқарып, арнайы əзірленген тест сұрақтарына жауап берді. Семинар қорытындысы бойынша барша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. 



  • |  Просмотров: 284  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:14-05-2018, 12:51  |  
  •   |