Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

1-2 сәуір Маңғыстау облысына ҚХА жылына арнайы ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» пойызы келеді. Пойыз құрамында - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен өнер майталмандары, ғалымдар бар. Олар маңғыстау тұрғындарына Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық стратегиясының негізгі ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстарымен айналысады.

«Менің Қазақстаным»

26-03-2015, 19:22



«ҚХА – 20 ізгі іс!» республиқалык акцияның символы «Тайказан»  ағымдағы жылдың 21 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысынан Маңғыстау облысына келеді.

 

Маңғыстау облысында эстафета 21 – 25 ақпан аралығында  бекітілген кесте бойынша өтеді: 21 наурыз - Мұнайлы, Қарақия аудандары; 22 наурыз - Ақтау қаласы, Бейнеу ауданы; 23 наурыз - Жаңаөзен қаласы; 24 наурыз - Тұқараған, Маңғыстау аудандары; 25 наурыз - Маңғыстау облысы.

«ҚХА – 20 ізгі іс!»

17-03-2015, 10:10