Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында ҚР Президенттігіне Кандидаттың сенім білдірілген тұлғаларының Кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндіру бойынша этномәдени бірлестіктер мүшелерімен, МО ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ, МО ҚХА құрылмдары: Аналар кеңесі, Кәсіпкерлер қауымдастығы, Қоғамдық келісім кеңесі, “Ассамблея жастары” РҚБ МО өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында

31-10-2022, 11:58

Қазақстан халқы арасында азаматтық белсенділікті дамыту, Қазақстан Республикасының кәсіби азаматтық секторын қалыптастыруға жәрдемдесу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы үшін Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Б. Нұрғазиеваның алғыс хатымен МО ІСБ “Қоғамдық келісім” комуналдық мемлекеттік мекемесі марапатталды.
Қазақстан халқы арасында азаматтық белсенділікті дамыту

Қазақстан халқы арасында азаматтық белсенділікті дамыту

26-10-2022, 11:53

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында
«Ару еркем – бұрымымен көркем» атты бұрымды қыздарға арналған онлайн байқауының қорытындысы
2022 жылдың 18 қазан күні Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару бөлімінің іс – шаралар жоспарына сәйкес, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында «Ару еркем – бұрымымен көркем» атты бұрымды қыздарға арналған онлайн байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Өткен дәуірдің аманаты болған қолаң шаш үлгісін бүгінге дейін жалғап, ұрпаққа мұра етіп қалдырған асыл аналарымыздың қадір-қасиетін өзгелерге үлгі етіп, оқушыларға ұлттық құндылықтарды (атап айтқанда, шаш өру өнері, сондай-ақ шашбау мен шолпы тағу) насихаттау және ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту;
«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында

22-10-2022, 11:47

Достық үйінде МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында, Ақтау қаласы бойынша орта мектептердегі этнос оқушылары арасында, «Өнер алды – қызыл тіл» байқауы өтті. Жеңімпаздар анықталып, сертификаттармен, дипломдармен, алғысхаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың мақсаты: Өскелең ұрпақты қазақ халқының әдеби мұрасына, салт дәстүрлеріне және т.б. тарта отырып, шешендік өнердің дамуына ықпал ету.
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Достық үйінде МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен

Достық үйінде МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен

21-10-2022, 11:25

Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облыстық соты мен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Медиация – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Б. Аметов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, медиаторлар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облыстық соты мен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Медиация – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бүгін Достық үйінде Маңғыстау облыстық соты мен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Медиация – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

20-10-2022, 11:23

Достық үйінде МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында, өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары негізінде тренинг өтті.
Шараның мақсаты: мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың инновациялық әдістемелік кешендері арқылы этнос өкілдері балалары мен жастарына қазақ тілін үйрету.
Шараға Ақтау қалалық білім бөлімінің № 6, 12, 16, 23 мектептерінң 5-8 сынып арасындағы оқушылары қатысты.
Достық үйінде МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында, өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары негізінде тренинг  өтті.

Достық үйінде МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында, өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары негізінде тренинг өтті.

19-10-2022, 11:20

Бүгін Жаңаөзен қаласындағы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ өкілі Р. Алиеваның ұйымдастыруымен ҚР Республика күніне орай, қаламыздағы 5548 әскери бөлімде "Отанымыз-бір, Мемлекетіміз-бір, Халқымыз-бір" тақырыбы бойынша семинар тренинг өтті. Семинарға мұрындық болған қаламыздың құрметті азаматы, ардагер мұнайшы Лифоренко Алексей Никитович қатысты, сөз кезегінде ұлттық ұлан сарбаздарына ізгі тілектерін тілеп, басынан өткен оқиғалармен бөлісті.
Сонымен қатар қаламыздағы қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Ахунов Адхам Ахмадалиевичте сарбаздарға ІІБдағы өткен оқиғалар мен жеңістері туралы айтып өтті. Сөз кезегінде мемлекетіміздің біртұтастығы бірлікте, ұлтымыз өзге болғанымен тілегіміз бір екендігін жеткізді. Және жиналысқа қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Әбіш Қожа мешітінің бас имамы Асга Юнус Қыдырқұлұлы бірнеше өсиеттер мен Отан алдындағы борыш туралы мысал келтірді. Семинар соңы сұрақ жауаппен, естелік суретке түсумен аяқталды.
Бүгін Жаңаөзен қаласындағы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ өкілі Р. Алиеваның ұйымдастыруымен ҚР Республика күніне орай

Бүгін Жаңаөзен қаласындағы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ өкілі Р. Алиеваның ұйымдастыруымен ҚР Республика күніне орай

18-10-2022, 11:18

"Мың бала" облыстық ағартушылық жобасы аясында 17 қазан 2022 жылы Ақтау қаласы N16 мектепте "Жарқыра жас дарын" байқауы өтті. Қаладағы өзге ұлт өкілдері балалары оқитын мектептерден жас өнерпаздар қатысты. Олар күй тартып, қазақ тілінде ән шырқап өнерлерін көрсетті. Байқауға қатысқан өнерпаздарға сертификат пен сыйлықтар табысталды. Осы шараға ат салысқан N6, 12, 16, 23 орта мектептердің басшыларына алғыс білдіреміз.
"Мың бала" облыстық ағартушылық жобасы аясында 17 қазан 2022 жылы Ақтау қаласы N16 мектепте "Жарқыра жас дарын" байқауы өтті.

"Мың бала" облыстық ағартушылық жобасы аясында 17 қазан 2022 жылы Ақтау қаласы N16 мектепте "Жарқыра жас дарын" байқауы өтті.

18-10-2022, 11:14

25 қазан Республика күніне орай, “Ағаш отырғыз” челленджі аясында Маңғыстау облысы ҚХА мүшелері, Ақтау қаласының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған #1 арнайы балабақша ауласына ағаштар және түрлі гүлдер отырғызылды.
25 қазан Республика күніне орай, “Ағаш отырғыз” челленджі аясында Маңғыстау облысы ҚХА мүшелері, Ақтау қаласының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған #1 арнайы балабақша ауласына ағаштар және түрлі гүлдер отырғызылды

18-10-2022, 11:08

Республика күніне орай “Волонтер бол” челленджі аясында азқамтылған отбасылармен көп балалы аналарға тәттілер таратылды. Демеушілік көрсеткен МО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі және МО ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Тангиев Джамбулат Султанович.
Республика күніне орай “Волонтер бол” челленджі аясында азқамтылған отбасылармен көп балалы аналарға тәттілер таратылды

Республика күніне орай “Волонтер бол” челленджі аясында азқамтылған отбасылармен көп балалы аналарға тәттілер таратылды

18-10-2022, 11:05